Жаңалықтар

October, 30

Іскери әкімшіліктің 238 жаңа магистрі дипломдарын алды!

30 қазанда  Қабылдау үйінде  (Алматы)  Алматы Менеджмент Университеті нің  (бұрынғы ХБА) Бизнес  жоғары мектебі  және Мемлекеттік  және қоғамдық саясат  Мектебінің  МВА түлектеріне  салтанатты түрде диплом тапсыру  рәсімі өтті.

Aлматы Менеджмент Университетінде  биыл  магистрлер дипломы  238 тыңдаушыға  берілді.   Жоғары оқу орнының тарихында алғашқы рет  МВА бағдарламасының түлектері не  екі мектептің , бірі- Graduate School of Business , екіншісі- Мемлекеттік  және қоғамдық  саясат мектебінің  дипломдарын қатар берілді.  Тұңғыш рет  AlmaU  МВА  дипломына  «Мемлекеттік сектордағы менеджмент»  және  «Білім беру менеджменті»  бағдарламалары  тыңдаушылары  ие болды.

Биыл  университет  Қазақстанда  жоқ  «Денсаулық  сақтау менеджменті»  бағдарламасының екінші  саңлақтарын  қанат қақтырды,  бұл  бағдарлама Алматы Менеджмент Университетінде 2012 жылдан бастап,  мемлекеттік жоба аясында іске асырылып келеді.

Осы күні диплом  алғандардың қатарында  «Самырұқ - Қазына», «Қазақмыс» компаниялары , «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры  менеджерлері,  «Казкоммерцбанк», KCELL, «ҚазАтомПром», «Интергаз Центральная Азия» «Казахойл Актобе», «Жаикмунай», «АктауНефтеСервис», Қазтеңізтрансфлот, Қазақтелеком және  Маңғыстаумұнайгаз  және тағы да басқа компаниялардың менеджерлері болды.

Түлектер  оқу барысында өздеріне ыстық  әрі  жақын болып кеткен  МВА  департаменті командасына  және  оқытушыларына   жылы сөздерін аямай,  жоғары  ілтипаттарын білдірді.  Үздік оқытушыларға  дипломдар мен  естелікке сыйлықтар  тапсырылды.

Қабылдау үйіндегі салтанатты  іс-шара  дәстүрлі  түрде университеттің  жалаушалары  байланған шарларды әуеге ұшырумен, магистрлік  конфедераттарды аспанға лақтырумен аяқталды!

Ақ жол, қымбатты Магистрлер!!!

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөліс: