Студентердің академиялық мобильділігі


         

Шетелдік ЖОО-лармен  халықаралық ынтымақтастық білім алушыларға  келесідей мүмкіндіктер береді:

  • кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
  • меңгеріп жатқан мамандығы бойынша практикалық дағдыларын, құзыреттерін және кәсіби тәжірибелерін  жетілдіру;
  • халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларына қатысу;
  • шет тілі деңгейін жетілдіру және  қабылдаушы елмен танысу;
  • мәдени және жалпы білім деңгейін арттыру.

          AlmaU-да академиялық ұтқырлық  келесідей бағыттарда жүзеге асырылады:

  • Алмасу бағдарламасы
  • Жазғы және қысқы мектептер
  • Ішкі  академиялық ұтқырлық
  • Сыртқы академиялық ұтқырлық

         Қазіргі уақытта  университетте  студенттер алмасу бағдарламасы бойынша   30 бағдарлама бар .

 

Алмасу бағдарламасы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алмасу бағдарламасы – бұл бағдарлама барысында студент AlmaU-дың ЖОО-әріптесінде бір академиялық периодты (1 семестрді) өткізеді. Оқу аяқталған кезде студентке ЖОО-әріптеспен оқу нәтижелерін растайтын құжат – транскрипт беріледі.  ЖОО-әріптесте сәтті түрде игерілген дисциплиналар бойынша балдар мен кредиттер AlmaU транскриптіне есептеліп енгізіледі. Студенттер ЖОО-әріптеске алмасу бағдарламасы бойынша оқуға AlmaU-де 1 курсты аяқтағаннан кейін шыға алады.

Оқу бағдарламасының міндетті алғышарттарын ағылшын тілін білу мен GPA академиялық үлгерім - 3,0-ден жоғары - құрайды. Ағылшын тілін білу деңгейі орташа деңгейден жоғары болу керек (IELTS ~ 6.0, TOEFL~ 550 pbt, 213 ibt сертификаттары құпталады).

Орыс тілінде алмасу бағдарлама RISEBA университетінде, Латвия, жүргізіледі.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша оқуға өз сұранымдарын осы оқу жылының қазан және наурыз айларында бере алады қабылданған сұранымдар Комиссияның отырысында іріктелінеді.

 

2  Қосдипломды бағдарлама

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қосдипломды бағдарлама – бұл бағдарлама кезінде студент ЖОО әріптеске оқу және кейін ЖОО-әріптестің дипломы мен AlmaU-дың дипломын алу мақсатында шығады. Студенттер ЖОО-әріптеске қосдипломды бағдарлама бойынша оқуға AlmaU-де 2 курсты аяқтағаннан кейін ғана аттанады.

Оқу бағдарламасының міндетті алғышарттарын ағылшын тілін білу мен GPA академиялық үлгерім - 3,0-ден жоғары - құрайды. Ағылшын тілін білу деңгейі орташа деңгейден жоғары болу керек (IELTS ~ 6.0, TOEFL~ 550 pbt, 213 ibt сертификаттары құпталады).

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша оқуға өз сұранымдарын осы оқу жылының қазан және наурыз айларында бере алады қабылданған сұранымдар Комиссияның отырысында іріктелінеді.

 

3  Қысқы/Жазғы мектеп

ТОЛЫҒЫРАҚ
Қысқы/Жазғы мектеп – бұл бағдарлама барысында студент AlmaU-дың ЖОО-әріптеске қысқы не жазғы демалыс кезінде барады және дисциплиналарды өткеннен кейін сәтті нәтижелермен оралған жағдайда игерілген балдар мен кредиттер AlmaU транскриптіне есептеліп енгізіледі.  Жазғы/қысқы оқу мектептері студенттерге оқуды демалыспен байланыстыруға және халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Мектептердің бағдарламалары, сондай-ақ, шет елдің мұражай, театр сияқты көрікті жерлерін көру арқылы оқудың мәдени бөлігін құрайды. Сөйтіп, студенттер барған елдің мәдениеті мен тарихын тамашалай алады. Сонымен, студенттер Klaipedos University (Литва), Балтық халықаралық академия (Латвия), Solbridge International School of Business (Оңтүстік Корея) сияқты ЖОО-әріптестерінде қысқы/жазғы мектептерінде орыс тілінде оқи алады.
Қысқы/жазғы мектептеріндегі оқудың орташа мерзімі 2-3 аптаны құрайды. Оқу бағасы ЖОО-әріптестпен орнатылады.

ЖОО-әріптестің атауы

Оқу мерзімі

1

IESEG School of Management (Париж, Франция)

2-3 апта

2

University of Management and Economics ISM (Литва, Вильнюс)

2-3 апта

3

Балтийская Международная Академия (Рига, Латвия)

10 күн

4

Klaipedos University (Клайпед, Литва)

2-3 апта

5

Varna Management University  (Болгария)

2 апта

6

Solbridge International Business school (Оңтүстің Корея)

10 күн

7

The "n+ i" network of engineering schools (Франция)

2-3 апта