Ғылыми өмір

Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына және халықаралық құқықтың 70 жылдығына арналған Халықаралық құқық қауымдастығының жыл сайынғы отырысы

 

24.06.15ж. – 26.06.15ж. аралығында з. ғ. к., AlmaU Құқық мектебінің директоры, доценті Ж. Г. Калишева Мәскеу (Ресей) қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына және халықаралық құқықтың 70 жылдығына арналған халықаралық құқық қауымдастығының 58-ші жыл сайынғы жиналысына қатысты. Осы маңызды іс-шараға Ресей ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының директоры, Ресей академиясы ғылымдарының академигі – А. Г. Лисицын-Светланов, Ресей халықаралық құқық ассациациясының президенті, з.ғ.д., профессор – А. Я. Капустин, з.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері – В. А. Карташкин, Ресей Федерациясының Сыртқы Істер Министрі – Г. В. Кузьмин, профессор – Батлер Уильям, з.ғ.д., профессор – С. В. Черниченко, Е. Г. Ляхов, Т. Н. Нешатаева, Л. Н. Галенская, Л. В. Корбут, А. А. Моисеев және т. б. көрнекті ресейлік және шетелдік ғалымдар қатысты. Пленарлық және панелдік отырыстар халықаралық құқық теориясы мен практикасы мәселелеріне бағытталды. 

 

 

Ж. Г. Калишеваның «Қазақстан Республикасы ынтымақтастық принципін іске асыру: теориясы және тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасы құқық қауымдастығының ғылыми қызығушылығын тудырды. Халықаралық құқық ассоциясын жүргізу барысында Ж. Г. Калишева Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселесі бойынша келіссөздер өткізіп, Ресей халықтар достығы университеті «Advances in Law Studies» журналында Құқық мектебі факультетінің ғылыми мақалаларын шығару, сондай-ақ білім және ғылым саласында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол жеткізді.

 


«Офицер-инженердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру. 

Әскери-педагогикалық аспектілері» VIII Мекемеаралық ғылыми-теориялық конференциясы

 

23 сәуір 2015ж. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында «Офицер-инженердің кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру. Әскери-педагогикалық аспектілері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің VIII Мекемеаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

 

             

 

Конференцияға з.ғ.к., AlmaU Құқық мектебінің доценті – Н. Мынбаева қатысып, «Сингапур Менеджмент Университетіндегі тұлғаның кәсіби қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында баяндамасын жасады.

    


«Қазақстан Республикасындағы заң саласы мамандарын дайындау жағдайы туралы» бірінші Республикалық форумы

 

17 маусым 2015ж., AlmaU университетінің ректоры А.Қожахметов және Құқық мектебінің директоры Ж.Калишева Қазақстан Республикасының білім және ғылым жөніндегі вице министрі - Т.Балықбаевпен бірге Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасындағы заң саласы мамандарын дайындау жағдайы туралы» бірінші Республикалық форумына қатысты.

Панелдік сессия тақырыптары «Құқықтық білім беру сапасы мен стандарттары» және «Құқықтық білім беру реформасы және кәсіби заңсаласындағы мамандардың сұранысы» төңірегінде болды.

 

AlmaU университетінің ректоры A. Б. Қожахметов «Құқықтану мамандықтары бойынша білім беру қызметі нарығындағы бәсекелестік туралы» баяндама жасап, келесі мәселелерге тоқталып өтті:

1.    Бәсекелестік арқылы Білім беру сапасы;

2.    Бәсекелестік арқылы ашықтық пен айқындық;

3.    ЖОО-ның нақты бағалау критерийлерінің өңдемесі;

4.    Жұмыс берушілердің заң мамандығы бойынша ЖОО қызметінің бағалау рейтингісі.

Форумның басты мақсаты халықаралық және ұлттық сарапшылар арасында құқықтық білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері жөнінде тәжірибе мен пікір алмасу болғандықтан, AlmaU университеті ректоры А. Б. Қожахметовтың ұсыныстары  заңгерлер мәжілісінде үлкен қызығушылық туғызды.

 


«Қазақстан Республикасы салалық заңнама дамуының  конституциялық негіздері»

 

15.05.15 Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі және Қазақстан Республикасы Заң шығару институтымен бірлесіп Н. А. Шайкеновты еске алуға арналған «Қазақстан Республикасы салалық заңнама дамуының конституциялық негіздері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 

https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xaf1/v/t1.0-9/19615_757374314361942_3543948075887551107_n.jpg?oh=75f6c4639b0e5d7bad41c863c5a65cc2&oe=55CD5908&__gda__=1438994519_d522ff8718ea347967362cb387ccb26a

Конференцияға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдары, Қазақстан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты – ұлттық заңнаманы жетілдіру жолдары және Қазақстандағы заң шығару процесін жан-жақты талқылау, халықаралық зерттеулер және ғылыми нәтижелерімен тәжірибе алмасу.

Бұл конференцияға Алматы Менеджмент Университіті атынан Құқық мектебінің директоры – з.ғ.к., доцент Ж. Г. Калишева қатысып, «Халықаралық құқық нормалары және Қазақстан Республикасы жаңа қылмыстық заңнамасының арасындағы қарым-қатынас мәселелері» баяндамасымен жұрт алдында сөз сөйледі.

 


«Жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерінің парадигмасы»

 

20.05.15 Құқық мектебінің директоры, з.ғ.к., доцент - Ж.Г. Калишева, Каспий қоғамдық университетінде өткізілетін жыл сайынғы Шайкенов оқуларына арналған «Жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерінің парадигмасы» атты дөңгелек үстеліне қатысып, «Ұлттық заңнаманың адам құқықтары аясында іскерлік белсенділік жөнінде халықаралық нормаларды енгізу мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Дөңгелек үстелге ғылым қайраткерлері, прокуратура, сот төрелігініңқызметкерлері және Н. А. Шайкеновтың әріптестері мен туыстары жиналды.