Мансап және жұмысқа орналастыру



Мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс орталығы
 Университет бағдарламалары бойынша білім алушылар мен түлектеріне мансапты жоспарлау мен дамытуда, сонымен қатар түлектердің Университетпен және бір-бірімен байланысын қолдауға көмек көрсетеді.

1 Мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс орталығында сіз кеңестер мен қолдау ала аласыз, олар мыналарға көмек болады:

ТОЛЫҒЫРАҚ
  • Мансап пен жұмыс таңдауда шешім қабылдауға
  • Мамандықтар, жұмыс берушілер, өз ісіңді бастау, бос орындар туралы ақпараттар кешенін талдауға
  • Мансап бойынша қолда бар мүмкіндіктерді түсіну және бағалау
  • Өз әлеуеті мен алған әдетін бағалау
  • Мансапты жоспарлау бойынша өз іс-әрекетінің жоспарын құру және оны  іске асыру
  • Табысты мансап құру үшін студенттер мен түлектерге қажетті дағдыларды үйрету

 

2 Студенттермен өзара әрекет жасау:

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
  • Арнайы тренингтер, семинарлар және шеберлік мектебін ұйымдастыру және өткізу;
  • Білім алушылармен  ақпараттандыру,  кәсіптік бағдар және мансапты жоспарлау бойынша  жұмыс;
  • Университетте білім алушылар  мен түлектерге өз мансаптық жоспарларын іске асыруға көмектесу;
  • Студенттердің қосымша жұмыспен қамтылуларын қамтамасыз ету бойынша қызметті ұйымдастыру.

 

3 Жұмыс берушілермен өзара әрекет жасау:

 

ТОЛЫҒЫРАҚ
  • Еңбек нарығына мониторинг жүргізу;
  • Түлектердің дайындық деңгейін анықтау мақсатында жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу;
  • Жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу, ынтымақтастық, тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу туралы шарттар жасау;
  • Жұмыс берушілердің  дерекқорын жүргізу және толықтыру;
  • Студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу:

         ​- Бос орындар жәрмеңкесі.

           - Жұмыс беруші- компаниялар таныстырылымы.

           - Қонақ дәрістері  және т.б.

4 Түлектермен өзара әрекет жасау:
ТОЛЫҒЫРАҚ
  • Жұмысқа орналасуда  және мансаптық дамуда көмек беру
  • Түлектер қорын құру
  • Түлектер үшін іс-шаралар ұйымдастыру
  • Түлектерді Университетте өткізілетін іс-шараларға тарту
  • Түлектер ассоцияциясының қызметін дамыту, Ассоцияцияның дерекқорын толықтыру және қарқындату

 

СІЗ БІЗДЕН НЕ КҮТЕСІЗ:

  • Мансап және жұмысқа орналасу бойынша нұсқаулық пен ұсыныстар
  • Сізге құрметпен қарайтын 
  • Сізге әрқашан мансап пен жұмысқа орналасу саласындағы ақпаратты ұсынатын мамандардың кеңесі мен көмегін 

 

БІЗ СІЗДЕН НЕ КҮТЕМІЗ:

  • Белгіленген кездесулер мен іс-шараларға қатысу немесе қатыса алмаған жағдайда хабарлама жіберу
  • Маманмен бірге әзірлеген сіздің мансабыңыз бойынша әрекет ету жоспарын орындауға дайын болу
  • Біздің қызмет көрсетуіміз  жайлы пікірлер ұсыну
  • Біздің мамандарымызға құрметпен қарау
  • Өзіңіздің жеке және кәсіби тәжірибеңіз үшін жауапкершілік алу

 

СІЗ БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАСЫЗ:

Студенттердің біздің орталықтың жұмысына қатысуын құптаймыз. Алынған қызметтер жайлы кері байланысты ұсынудан басқа, сіз бізге көмектесе аласыз, егер:

  • Әңгімелесуден өту және жұмыс берушілермен өзара әрекет жасау тәжірибеңізбен бөліссеңіз;
  • Біз ұсынған ақпараттағы дәлсіздіктер мен кемшіліктер туралы бізге хабарласаңыз;
  • Орталық пен студенттер арасындағы көпір ретінде қызмет атқарып, өз факультетіңізде орталықтың өкілі және байланысатын тұлғасы болсаңыз.

 

 

БІЗБЕН БІРГЕ ӨЗ МАНСАБЫҢДЫ ҚҰРУДЫ БҮГІННЕН БАСТА!