Студентердің басыламдар және презентациялар

 

«Студенттің қаржы құқығына көзқарасы»

 

28 сәуір 2015 ж. 330 ауд. «Құқықтану» кафедрасының доценті – Н. Мынбаеваның басшылығымен қаржы құқығы пәні бойынша «Студенттің қаржы құқығына көзқарасы» тақырыбында іскерлік ойыны өткізілді. Іскерлік ойын модераторлары – Арықбаева Анель және Едігеева Үміт болды. 

 

Бұл ойынға «Құқықтану» мамандығының 3-ші курс студенттері қатысып, 2 топқа бөлініп сайысқа түсті. Командалар капитаны – Айтқұл Нұрсұлтан және Байдушев Темірлан болды.  Іскерлік ойын кросворд, қабырға газетасының тұсаукесері, тапсырмаларды орындау, сұрақ-жауап сынды төрт кезеңнен тұрды.

«Табысты бизнестің құралы ретіндегі заңнама» 

 

 

 

28 сәуір 2015 ж. 330 ауд. «Құқықтану» кафедрасының доценті –Н. Мынбаеваның басшылығымен «Табысты бизнестің құралы ретіндегі заңнама» тақырыбында кәсіпкерлік құқық пәні бойынша іскерлік ойыны өткізілді. Ойынның модераторлары –Дуабекова Айбике және Большакова Екатерина әр-түрлі сайыстар ұйымдастырып, ойын барысын жүргізді. «Құқықтану» мамандығының 3-ші курс студенттері 2 топқа бөлініп сайысқа түсті.

 

 

 

 

 

Әрбір командаға 8 адам қатысып, алдын ала өз командасының атын, ерекше белгілерін (эмблемалар, омырау белгiлерi) және команда капитанын таңдады. «Спартанцы» командасының капитаны – Айтқұл Нұрсұлтан және «Black & White» командасының капитаны Арықбаева Анель болды. Іскерлік ойын ширату, құқықтық нысанындағы тұсаукесер, тапсырмаларды орындау, сұрақ-жауап сынды төрт кезеңнен тұрды.

 

 


«Кәсіпкерлік: жастар энергиясы»  Халықаралық ғылыми-практикалық студенттік I-Start конференциясы

 

16 сәуір күні, 2015 ж. Алматы Менеджмент Университетінде «Кәсіпкерлік: жастар энергиясы» атты студенттер мен магистранттар арасында Халықаралық  ғылыми- практикалық  I-Start конференциясы өтті.

№7 бөлім «Кәсіпкерлікті құқық тұрғысынан реттеу: теория және практика мәселелері» бойынша жүлделі орындарды «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері иеленді.

 

 

1-ші орын – Екатерина Большакова «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік кәсіпкерлік нысаны ретінде қарастырылуы», ғылыми жетекшісі – з.ғ.к., доцент Н. Б. Мынбаева. 

 

2-ші орын –  Айбике Дуабекова «Алматы Менеджмент университетіндегі инклюзивті білім беру бизнестіңәлеуметтік жауапкершілігі ретінде қарастырылуы», ғылыми жетекшісі – з.ғ.к., доцент Н. Б. Мынбаева. 

 

3-ші орын – Виктор Еремчук “Protection of the consumer’s rights” («Тұтынушылардың құқығын қорғау»), ғылыми жетекшісі – з.ғ.к., доцент А. И.  Тілеужанова.


«Ғылымға қадамдар» Республикалық студенттік ғылыми конференциясы

 

10 сәуір 2015 ж. Астана қаласы Қазақ Гуманитарлық Заң университетінде  «Ғылымға қадамдар» Республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға з.ғ.д., профессор – Р. Абдрашев пен з.ғ.к., доцент – А. Сералиеваның ғылыми жетекшілігімен «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенттері С. Айғараев және А. Самбет қатысып, креативті ойлау танытқаны үшін марапатталды. 

 


«Студенттер арасында терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес»

 

Наурыздың 30 күні, 2015 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде жоғарғы оқу орындары арасында «Елбасының Қазақстан –2050 жолдауы» аясында «Студенттер арасында терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алматы Менеджмент Университетінің студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абай атындағы ҚазҰПУ командаларымен сайысқа түсе отырып, жүлделі 2-ші орынды С. Айғараев, А. Сарсекеев пен А. Самбет иеленді, сонымен қатар Алмаз Сарсекеев – «Үздік дебатер»,Алишер Самбет – «Үздік спикер» номинациялары бойынша марапатталды. Құқық мектебі студенттердің ғылыми жетекшілері з.ғ.д., профессор – Р. Абдрашев және з.ғ.к., доцент – А. Сералиеваға өз алғысын білдіреді. 

 


«Орталық Азияның тұрақты дамуы: жағдайы, мәселелері мен болашағы»

 

27 ақпан 2015 ж. Қазақ-неміс университетінде «Орталық Азияның тұрақты дамуы: жағдайы, мәселелері мен болашағы» атты VII Халықаралық студенттік конференциясы өтті. Конференцияға заң ғылымдарының докторы, профессор – Р. Абдрашев және заң ғылымдарының кандидаты, доцент – А. Сералиеваның жетекшелігімен «Құқықтану» мамандығының 2-3 курс студенттері – Е. Большакова; С. Айғараев, А. Самбет және А. Таиров қатысты.