«Азаматтық іс жүргізу құқығындағы ойын соты»
Саясат және құқық мектебі Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері әзірлеген «Азаматтық іс жүргізу құқығындағы ойын соты» студенттік жобасы бойынша іс-шараға қатысуға шақырады. Аталған жоба аға оқытушы -Талапова Гульмира Талаповнаның ғылыми жетекшілігімен өтеді.
Арнайы қонақтар: Жапакова Дана Асылбекқызы – Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы, Бимуханов Шынғыс Мейірұлы – Алматы қалалық адвокаттар алқасының заңгері, Тұрсағұлова Айгуль Тұрсынқызы – Алматы қаласының «Кәсіби заңгерлер» заң консультанттары палатасының заңгер кеңесшісі, Жолдыбайқызы Диана - «Tengri Bank» АҚ Тарату комиссиясы Заң департаменті операциялық бөлімінің 3-разрядты заңгері, Мынбаева Нургуль Балтаевна – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының программ лидері, з.ғ.к., Acting Professor, ББМ «Алматы Менеджмент Университет».
Іс-шара 2021 жылдың 15 желтоқсанында сағат 11:00-де 332 аудитория – «Сот залында» өтеді.