«Медиативтік құзыреттілік: әлеуметтік-еңбек дауларын алдын алу шаралары»
21 мамыр 2015ж. Алматы Менеджмент Университетінің сот залында «Құқық» мектебінің оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Медиативтік құзыреттілік: әлеуметтік-еңбек дауларын алдын алу шаралары» тақырыбында мастер-класс өтті.
Аталған іс-шараны Алматы Менеджмент Университеті «Медиация және конфликтология» орталығының директоры, халықаралық бизнес-тренер – Б. Жұмақаева өткізді. Нәтижесінде «Құқық» мектебінің 7 қызметкері тиесілі сертификаттарға ие болды.
«Медиация жастар арасында қақтығыстың алдын алу
шаралары ретінде»
«Еңбек дауларын алдын алу және бақылау»
2 қазан 2014ж. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы және «Отаншылдықтың бастамасы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының оқу, ғылыми-зерттеу және дауларды шешу кәсіподақтар федерация орталығы» Маңғыстау облысы кәсіподағымен бірлесе отырып «Еңбек дауларын алдын алу және бақылау» тақырыбында семинар өткізді.
Осы семинарға 30 өнеркәсіптік ұйымдардың 50-ден астам өкілдері, соның ішінде Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері («Қазақстан-Ақтау» телеарнасы және «Ақтау-Лада» газеті) қатысты.
Семинар қатысушылары – ірі кәсіпорындар (жұмыс берушілер) басқармасының өкілдері және келісім-шарт негізінде облыстық кәсіподақ кеңесіне кіретін өндірістік ұйым кәсіподақтарының төрайымдары.
Семинардың мақсаты – кәсіподақтар туралы жаңа заң тұрғысынан жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында әлеуметтік серіктестер ретінде жүйелі қарым-қатынас құру.
Семинардың модераторы – Жұмақаева Бақыт Дәулетхановна еңбек дауларын алдын алу және реттеу жөнінде тыңдаушыларға кең ауқымды бағдарламаны ұсынды, сонымен қатар, қатысушыларға медация негіздері, яғни дауларды медиаторлардың қатысуы арқылы шешу туралы мәлімет жасады. Семинар жүйелі диалог түрінде өтті, қатысушылар еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленісті алдын алу саласында теориялық және әдістемелік білімдерін толықтырды.