Жаңалықтар

October, 29

Build your team!

2016-жылдың 26 қыркүйек – 10 қазан аралығында AlmaU қабырғасында «Құқықтану», «Аймақтану», «Қоғамдық байланыс» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары студенттерімен team-building өткізілді. Аталмыш шара «Мемлекеттік және қоғамдық саясат және құқық» кафедрасының меңгерушісі Тлеужанова Айымгуль Ислямханқызы ұсыныпсымен жүзеге асырылды.

 

Team-building мақсаты – кафедра студенттерін оқытушылар мен қызметкерлер тобымен таныстыру, өзара қарым-қатынас орнатуды көздеді. Іс-шарада мамандықтар кураторлары және эдвайзерлері тобымен ұйымдастырылған ойындар, интеллектуалды сайыстарөткізілді. Team-building барысында кафедрамен сыйлар әзірленіп, Хан Ирина Гурьевнмен «Ораторское искусство» атты арнайы мастер-класс өткізілді. Іс-шараға берілген екі сағат қас-қағым сәтте өте шықты, еңбастысы, барлығына қызықты да нәтижелі болды. Сол себепті де, кафедрамен осындай іс-шаралар енді жиі ұйымдастырылып тұрмақ. Өткізілген team-building кафедраның барлық курс студенттерін бір командаға жұмылдыруға атсалысты.

«Біз тек қана жаттығулар жасап қоймай, ақыл-ойымызды, ой-өрісімізді жетілдіруге мүмкіншілік алдық. Барлығы өте қызықты өтті. Біз осыдан былай да кафедраның барлық бастамаларына белсене атсалысуға әзірміз және де келесі кездесуді асыға күтетін боламыз», - деп «Қоғамдық байланыс» мамандығының 2-курс студенті Канатбаева Камила өз көңіл-күйімен бөлісті. 

Бөліс: