Жаңалықтар

January, 18

ALMA U ҮЕҰ Сараптама орталығы мен Орталық Азияның Еуразия Қоры «Қазақстандағы ҮЕҰ сарапшыларының әлеуетін дамыту бастамасы» жобасы аясында «ҮЕҰ-ны кәсіби басқару: сын-тегеуріндер мен даму келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

 

        Қатысушылар: Алматы қ. Әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшылығының өкілдері, ALMA U өкілдері, ОАЕҚ менеджерлері, Шеврон компаниясының өкілдері, «Коммерциялық емес сектордағы менеджмент» МВА бағдарламасының тыңдаушылары, Алматы қ. және Алматы облысының ҮЕҰ өкілдері, БАҚ.

         Дөңгелек үстелдің мақсаты: мемлекеттік емес ұйымдарды басқарудағы сын-тегеуріндер мен оның даму келешегін талқылау.

         Қазіргі кезеңде Қазақстанның ҮЕҰ-ы әр түрлі жобаларды жүзеге асыру, біріккен әлеуметтік маңызды жобалар, акциялар, фестивальдер, слеттер, жәрмеңкелер және т.б. бірігіп атсалысу арқылы өзара, сонымен қатар мемлекеттік және бизнес құрылымдармен белсенді өзараәрекеттесетін тұрақты дамушы ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдар бәсекелестіктің жоғары деңгейі, саяси және экономикалық тәуекелдермен, коммерциялық емес сектордың қызметін реттейтін құқықтық нормалардың өзгерістерімен, ҮЕҰ тарапынан әлеуметтік-қорғалмаған тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің аса қажеттілігмен сипатталатын замануи ортада қызметтерін жүзеге асырып отыр.

        Мемлекеттік емес ұйымдардың көшбасшылары мен менеджерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру қажеттілігі ҮЕҰ-ның кәсібилендірілуінің жеткілікті деңгейіне, қоғамдық ұйымдар арасында қандай да бір ресурстарға қол жеткізу үшін  бәсекелестіктің артуына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың белсенді саясатына, тұрақты қаржыландырудың жоқтығына байланысты өзекті болып табылады.

        Аталған аспектілер мемлекеттік емес ұйымдарды кәсіби басқарудың қажеттілігін арттырады, себебі ол ішкі басқару жүйесін қайта құрылымдауға ғана бағытталмаған, сонымен қатар әлеуметтік жобалардың басқа да стейкхолдерлерінің, ал ең бастысы, тұрғындардың коммерциялық емес сектордың қызметіне деген сенімділігін арттырады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: ҮЕҰ Сараптама орталығы (ALMA University) үйлестірушісі Айнұр Қуанышева, a.kuanysheva@almau.edu.kz, тел: (727) 302 23 02 немесе ОАЕҚ Ассистенті Жазира Жүнісова zhazira@ef-ca.org, тел: (727) 250-18-10, ішкі 134.

 

Бөліс: