Жаңалықтар

December, 11

Мастер-класс: «XXI ғасырдағы жаһандану. Европа елдерінде іскери адамның бейнесін қабылдау ерекшеліктері»

8 желтоқсанда Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы ХБА) имидж - кеңесші Наталия Чеботареваның« XXI ғасырдағы жаһандану. Сәнге шолу: заманауи Еуропа елдеріндегі іскери адам кейпін қабылдау ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік мектебі өтті. 

 
 
 
 
 

 

AlmaU мемлекеттік және қоғамдық саясат Мектебінің студенттері үшін ұйымдастырылған кездесуде Наталия бедел, абырой жинау құпиясымен бөлісіп, тартымды сырт пішін, ресми этикетті білу қажеттілігін студенттерге жеткізугет тырысты.

Кезінде біздің оқу орнының қонағы Мәскеуде  репутациялық технологиялар Институтында оқып, кейін Мәскеудегі Еуропалық Имидж Академиясын бітірген. Мәскеу бизнес-мектебінде іскери адам имиджі бойынша курсты тәмамдаған. Міне, 5 жыл бойы Наталия ел кәсіпкерлерінің имидж бойынша жеке кеңесшісі болып келеді. Сонымен қатар Қазақстанның басылымдарында, атап айтқанда «Бизнес и власть», «Vласть», «Эксперт-Казахстан» сияқты басылымдарда  «Имидж- консультант кеңестері» айдарын жүргізеді.

Бөліс: