AlmaU оқытушылары «Болашақ» Асссоциациясының бірінші бизнес-кейс жинағына авторлас болды
2015 жылдың 26 қарашасында «Болашақ» Ассоциациясы Алматы Менеджмент Университетімен (бұрынғы ХБА), «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі және «Bank RBK» АҚ бірлесе отырып, қазақстандық ірі компаниялар тәжірибелері жинақталған «Bolashak business casses» атты бірінші бизнес-кейс жинағын көпшілікке ұсынды.
«Болашақ» Ассоциациясы кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» басқарушы холдингі төрағасы Қуандық Бишимбаевтың айтуынша, бұл жинаққа қазақстандық «Alageum Electric» АҚ, «Адал Агроөнеркәсіп компаниясы» , «Баян Сұлу» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Шин-Лайн» ЖШК сияқты және т.б. (барлығы «Байтерек» холдингінің 11 компаниясы кірген) қазақстандық компаниялар қызметімен байланысты нақты бизнес-кейстер енген. Сонымен қатар осы кітапты дайындау үшін компаниялар жұмыс тобын құрды әрі солардың әрқайсысына Алматы Менеджмент Университетінің Бизнестің Жоғары Мектебі оқытушылары жетекшілік жасады.
AlmaU кейс жинағын дайындаудың әр кезеңіне белсенді қатысты. Алғашқы кезінде, 2015 жылдың маусымында «Болашақ» Ассоциациясы шақыруымен AlmaU БЖМ оқытушылары кәсіпкерлер үшін бизнес-кейстің не екені, оны қалай жазуға болатыны жайлы тренинг өткізді. Содан кейін сарапшылардың бастапқы кеңестерін беріліп, жұмыс топтарының бағыты белгіленіп, ұсынылған бизнес-кейстер іріктеліп, әрі қарай жұмысқа жетекшілерден нұсқау алынып, бизнес-кейстерді редакциялау жүргізілді.
Соңында Алматы МенеджментУниверситеті оқытушыларымен авторлық топта 31 кейс жасалды. Оның ішінде «Үлескерлік қатысушының мәселелерін шешу» ("Байтерек девелопмент" АҚ, қосалқы автор – Булат Карибджанов, э.ғ.к.), «Шикізаттық емес экспортты қолдау бойынша жаңа құралды қосу» («СК «КазЭкспортГарант» АҚ, қосалқы автор – Ирина Леонтьева, MPhill), ««Бәрі ойнайды» бейматериалдық және бейматериалдық еңбек өнімін арттыру» ("НАТР" АҚ, қосалқы автор - Лейла Кукузова, МВА), «ДЕВАЛЬВАЦИЯ: қазақстандық банктерге ықпал ете ме?!» ("ЖССБК" АҚ, қосалқы автор - Ғалия Султанбекова, э.ғ.к.), «Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға жаңа көзқарас» ( "КИК" АҚ, қосалқы автор – Хайролла Мусапиров, МВА), «"Reisswolf Kazakhstan" ЖШС компаниясы кейсінің мысалында төменгі тәуекелмен стартапты бастау («Даму» АҚ, қосалқы авторы – Озат және Сауле Байсеркеевтер) және басқа оқытушылар.
Сонымен қатар, кітаптың қосалқы авторы болып AlmaU БЖМ оқытушылары: э.ғ.д. Баянсұлу Мархаева, т.ғ.к Сұлтанбек Тултабаев және э.ғ.к Ақмарал Алталиева танылды.
Жұмыс барысында кейстердің тақырыптарына қарай шағын топтар мен олардың бағыттары белгіленді: маркетинг, қаржы, HR, мінез-құлық блогі, менеджмент. Alma University БЖМ оқытушысы экономика ғылымдарының кандидаты Булат Карибджанов кітаптың бас редакторы болды.
«Бұл кітап, біріншіден, отандық экономика жағдайына талдау жасау және үйренудің жаңа әдістемесімен таныстырады және екіншіден, қазақстандық менеджерлердің жаңа ұрпағы құрылымдалмаған дағдарыс жағдайында шешімдер қабылдау дағдыларын нығайта түсу үшін зерттеу және шығармашылық іс-әрекеттің оң алгоритмін құруға көмектеседі,- деп AlmaU ректоры Асылбек Қожахметов атап көрсетті, - әрі осы ортақ еңбек, білім саласы (Алматы Менеджмент Университеті) мен бизнес саласы («Бәйтерек» ұлттықбасқарушы холдингі ) және жастар қуаты («Болашақ» Ассоциациясы) өзінің жемісін береді деп сенеміз, оқырмандар қауымы Қазақстан үшін қазақстандық компаниялардың тәжірибесінен алынған иллюстрациямен берілген нақты Case study жағдаяттарын лайықты бағалайды деп ойлаймыз»,- деген пікір білдірді.
Жинақ Қазақстан жоғары оқу орындарында, шетелдік бизнес мектептерінде тегін таратылады.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жинақтың тұсаукесері Лондон, Вашингтон, Пекин, Мәскеу сияқты ірі қалаларда, сонымен қатар Қазақстанның облыстық және қалалық кітапханаларында өтеді.