Жаңалықтар

December, 09

II Халықаралық конференциясы: «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал».

 II Халықаралық конференциясы: «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал»

14 желтоқсан 2021, 14.00-18.00, Алматы Менеджмент Университет

 

Құрметті әріптестер!

Біз сіздерге Алматы Менеджмент Университет (AlmaU) Қазақстанның дамуы үшін сенім мен әлеуметтік капиталдың маңыздылығына арналған виртуалды конференция өткізетінін қуана хабарлаймыз.Талқылау мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас құру үшін бар мүмкіндіктерге және қазіргі уақытта осы үдерісті тежеп отырған мәселелерге де назар аударады.

Іс-шараға академиялық ортаның, үкіметтің, бизнестің, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ мен бұқаралық ақпарат құралдарының көрнекті қайраткерлері спикерлер мен қатысушылар ретінде қатысады. Осылайша бұл кездесу пікір, білім және озық тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігі болып табылады.

Конференция онлайн форматта өтеді. Баяндамалардың тұсаукесері ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Ілеспе аударма конференцияның әрбір отырысы кезінде қамтамасыз етіледі.

Қызығушылық танытқан жағдайда оқиғаны келесі YouTube арналарынан көре аласыз:

Ағылшынша: https://www.youtube.com/watch?v=nNZPwvYp9lc

Орысша: https://www.youtube.com/watch?v=filL1zpA5ks

Қазақша: https://www.youtube.com/watch?v=raEeLrIfNCo

 

 

Бөліс: