Жаңалықтар

September, 23

Сидзуока Университетінің Профессоры Сува Кадзуюкимен кездесу

18 қыркүйекте Алматы Менеджмент Университеті Мемлекетік және қоғамдық саясат және құқық мектебінде Шизуока университетінің профессоры Сува Казуюкимен кездесу өтті.

Профессор Сува Казуюки -Қазіргі Қытай, оның ішкі және сыртқы саясаты, халықаралық қатынастары бойынша танымал маман. 1986 жылдан 2004 жылға дейін ол Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде Қытай бағытында жұмыс істеді және Пекин, Шанхай және Тайваньдағы Жапонияның дипломатиялық өкілдіктерінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Кездесу барысында "Бір белдеу - бір жол" халықаралық жобасының қазіргі жағдайы мен перспективалары, Қытайдың сыртқы саясатының өзгеруі, белдеу бастамасының рөлі мен маңызы және Жапонияның сыртқы саясатын дамыту жолдары қаралды.  Сондай-ақ, қатысушылар Жапонияның қазіргі ішкі және сыртқы саясатының түрлі аспектілерін талқылады және Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасының даму сипаты, екі елдің ұлттық мүдделері сияқты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бөліс: