Жаңалықтар

September, 27

"Қоғаммен байланыс" және "Аймақтану" мамандықтарының студенттері мен AlmaU Мемлекеттік және қоғамдық саясат пен құқық мектебінің оқытушылары "Каменск үстірті" астрономиялық обсерваториясына барды

2019 жылдың 26 қыркүйегінде "Қоғаммен байланыс" және "Аймақтану" мамандықтарының студенттері мен AlmaU Мемлекеттік және қоғамдық саясат пен құқық мектебінің оқытушылары "Каменск үстірті" астрономиялық обсерваториясына барып, обсерваторияның құралдарымен танысып, оның тарихы туралы білді.

"Каменск үстірті" обсерваториясы-астрономиялық обсерватория, 1947 жылы Фесенков атындағы Астрофизикалық институтында құрылған. Обсерваторияда төрт павильон жұмыс істейді, әрқайсысы өзінің телескопымен. Студенттер 50 сантиметр Герц рефлекторымен және Максутов АСИ-2 жарық күші мениск телескопымен жабдықталған павильондарға барды.

Бөліс: