Мектеп тарихы

Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам қайраткерлерін дайындау және оларды оқыту мәселесі елімізде ерекше маңызға ие болып отыр. Уақыт талабына қарай, қазіргі қызметкерлерге өте жоғары талаптар қойылады, олар өз саласының білгірі болып қана қоймай, менеджменттің заманауи әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті басқарушы бола білуі тиіс.  

Осыған байланысты, Халықаралық Бизнес Академиясы, өзінің бизнес саласында басқарушыларды дайындаудағы 26 жылдық тәжірибесіне сүйеніп, халықаралық үздік жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, 2013 жылы Халықаралық Бизнес Академиясының жеке құрылымы ретінде Мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебін ашты. 

Алайда, мектептің ашылу тарихы өзін-өзі басқару органдары қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушыларына, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларына білім беру қызметін көрсету жөніндегі алғашқы жобалар іске асырылған 2005 жылдан басталады. 

2015 жылы "Мемлекеттік және қоғамдық саясат" кафедрасы ашылды.