"Мемлекеттік пен қоғамдық саясат және заң" кафедрасы

 

 «Мемлекеттік пен қоғамдық саясат және заң» кафедрасы 2015 жылы 1 шілде айында құрылды және Мемлекеттік пен қоғамдық саясат және заң мектебінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарты негізінде 5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В050500 - «Аймақтану», 5В051400 - «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша бакалаврларды, 6М051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрлерді дайындайды.

2016  жылдың 23 желтоқсанында  АРТУ  Аккредиттеу Кеңесінің (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз  агенттігі) шешімі бойынша  университеттің 7 білім беру бағдарламаларына, оның ішінде «Юриспруденция», «Қоғаммен байланыс», «Аймақтану», 5 жылдық  мерзімге арнайы аккредитация берілді.

 

Мақсаттары:

Кафедраның міндеттері - мемлекеттік және жергілікті басқару, аймақтану және қоғаммен байланыс саласында студенттерге сапалы білім беру, мемлекеттік және қоғамдық саясат саласында осы үш бағыт бойынша Қазақстан ғылымын дамыту.

Кафедра қызметінің негізгі мақсаттары:

  •  Мемлекеттік және қоғамдық саясат саласында еңбек нарығында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;
  • Әр түрлі басқару деңгейі үшін өнегелі, білікті басшыларды, креативті ойлайтын қазақстан бизнесінің жауапты көшбасшыларын қалыптастыру;
  • Қоғамда, экономикада және саясатта талап етілетін ғылыми зерттеулер жүргізу;

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • Кафедраның  «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Аймақтану», «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша бакалавр, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрлік дәрежесін алуға қызығушылық танытқан, өзінің болашақ мансабын мемлекеттік және қоғамдық саясат саласында көретін түлектерді тарту мақсатында кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу;
  • Білім беру сапасын арттыру, білім үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу;
  • Тауарларды өндіру, қызмет көрсету, мемлекеттік басқару және еліміздің қоғамдық-саясат өміріне ғылыми зерттеулердің қорытындыларын енгізе отырып талап етілетін инновациялық ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу;
  • Қазақстанда және шетелде өткізілетін конференцияларға, семинарларға және курстарға қатысу арқылы оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.