6B03088 -Халықаралық қатынастар және экономика

Академиялық дәреже: Экономика және бизнес бакалавры
Білім беру бағдарламасының шифры: "6B03088 -Халықаралық қатынастар және экономика"
Таңдау бойынша пәндері: шет тілі мен тарихы
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 4 жыл
күндізгі (колледжден кейін) очная – 3 жыл

Мамандықтың сипаттамасы: Бағдарлама әлемдік экономика саласындағы білімді зерттей отырып, халықаралық қатынастар саласындағы кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер оқу үдерісінде екі шет тілін оқиды, аналитикалық қызмет дағдыларын алады.

Мамандығының артықшылықтарыстуденттер екі шет тілін оқиды: ағылшын (міндетті) және екінші (испан, қытай, корей, француз) факультативті. Әкімдіктермен, министрліктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен тағылымдамадан өту туралы келісімшарттар жасалған. Студенттер Қытай, Польша, Түркия және Латвия университеттері мен АЛМАУ арасында алмасу курсынан өтеді.

Жұмыспен қамту:Халықаралық қатынастар және экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінің түлегі келесі жұмыстарға дайындалады: ірі банктер мен қаржы институттарының халықаралық қатынастар бөлімдері, халықаралық аймақтық ұйымдар, мемлекеттік органдардың сыртқы саясат және экономикалық байланыстар бөлімдері, сараптама орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары; елшіліктер мен мәдени орталықтар, бірлескен кәсіпорындар.