Ынтымақтастық

Біздің орталық ашылғалы бері өте көп сұранысқа ие. Біздің қоғамда нақ осы бағдардың мамандарына сұраныс өте жоғары болып келеді.

Орталықтың тұрақты клиенттері болып - ҰДП «Нұр Отан» Жоғары партиялық мектебінің партиялық оқытуының Алматылық жергілікті орталығы саналады, орталықтың мамандары тұрақты негізде жыл бойы «Медиативті құзіреттер және жанжалдың алдын-алу шаралары» курсы бойынша лекциялар оқып, тренингтер жүргізеді. Мұнда курстар әр ай сайын болады, одан партиялық ұйымның басшылары оқытылады, 300 адам оқытылып та үлгерді. Одан басқа, біздің Медиативті Орталық  Қазақстанның барлық қалалары бойынша шығу семинарларын жүргізеді.

Қазіргі кезде, Қазақстанда медиация нарығын құру өте маңызды мәселе болып отыр. Қоғам табысудың мұндай әдісін білуі қажет, сондықтан Орталықтың мақсаты- мемлекет тұрғындарының арасында медиацияны насихаттау болып келеді.

Мәселен, 2011 ж. наурыз айында Almaty Management University базасында Қазақстанның медиация орталықтарының басшыларының БҰҰДБ ұйымының өкілеті- Қуанжанова Гульмирамен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты- медиация орталықтарының жұмысын таныстыру және Қазақстандағы медиацияны дамыту саласы бойынша алдағы серіктестік мүмкіншіліктерін қарастыру болды. Кездесуде «Медиация және жанжалтану орталығының» жетекшісі Жумакаева Бахыт Қазақстанда медиация нарығын құру үшін Қазақстандағы медиацияны дамытудың бірегей концепциясын жасауды ұсынды.

Бүгінде ALMU «Медиация орталығының» БҰҰДБ-мен ынтымақтастығы күннен күнге тығыз әрі нәтижелі болуда.  БҰҰДБ-ның ҚР Жоғарғы сотымен бірге Шымкент, Атырау және Алматы қалаларында ұйымдастырған «Қазақстанға медиация институтын енгізу» семинарында, біздің Орталықтың көмегімен ҚР медиация туралы заңы бойынша медиацияны қолдану мәселесі жөнінде сот, құқық қорғау органдары және әкімдік үшін арнайы тренингтер өткізілді.

Сонымен қатар, Орталықтың өкілеттері ҚР Парламент Мәжілісінде (Астана қ.) «Медиация сот және құқыққорғау жүйелерін жетілдіру элементі ретінде» деген баяндамамен дөңгелек үстелге қатысты. Тәжірибе көрсеткендей, 28 қаңтар 2011 ж.-дан ҚР «Медиация жөнінде» Заңының нормаларын қолдану көптеген сұрақтар мен қиыншылықтар туғызады, соған байланысты дөңгелек үстелде Заңды жетілдіру туралы мәселелер, сонымен қатар басқа да өзара байланысты нормативті құқықтық актілер туралы мәселелер талқыланды. Болашақта, бұл ұсыныстар ҚР «Медиация туралы» Заңы мен басқа да нормативті құқықтық актілерге өзгертулер енгізу туралы заң жобасының негізіне кіретін болады. 

Біздің Орталық әр түрлі Қоғамдық Бірлестіктермен де қызмет етеді. Біздің серіктестеріміздің бірі- «Азаматтық бастамалар Орталығы», олар Алматы қаласының ішкі саясат Басқармасының тапсырысы бойынша әлеуметтік жоба: «Кәсіпорындардағы еңбек қарым-қатынастарын және кәсіодақтық ұйымдардың қызметінің дамуын зерттеу» жүзеге асырады. Жобаның мақсаты- кәсіподақтық ұйымдардың әлеуетін және Алматы қ. азаматтық қоғам институтының басқа да қатысушыларын жұмылдыру арқылы еңбек қатынастарын дамыту саласындағы бақылау, талқылау және ұсыныстар жасау бойынша шаралар жүргізу. ОО мағлұматтарын қоса біздің Орталық кәсіподақтық ұйымдардың жұмысшылары үшін «Еңбек жанжалдардың медиациясы» тақырыбында семинарлар жүргізеді. 

Қазіргі уақытта, Орталықтың негізгі жобасы- ҚР ең ірі  холдингтарының бірімен (ҰАҚ «Самұрық-Қазына») сәтті ынтымақтастық құру. Қазіргі кезде ҰАҚ-ның қарамағындағы «Әлеуметтік серіктестік Орталығы» Корпоративті қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының жұмысшылары арасында медиация және келіссөздер процесі дағдыларын оқыту бойынша тренингтер ұйымдастырып, жүргізеді. Ағымдағы жылдың қараша айында ALMU «Медиация Орталығы» Ақтау қаласында БӨ «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес компаниясының жұмысшылары үшін медиация бойынша ойдағыдай оқыту жүргізді.

Айта кететін жайт, біз өткізген мастер-класстар мен тренингтерден кейін тыңдармандар медиация және жанжалтану саласы бойынша теориялық негізді де, практикалық тәжірибені де меңгеруі қажет. Бұл бағдарлама бойынша дайындықтың теориялық құрамдас бөлігі лекцияның көмегімен өмірде іске асырылып отырады. Ал практикалық құрамдас бөлігі практика, мастер-класс және тренингтердің әртүрлі түрлерін өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Қорытындыласақ: Almaty Management Univer  медиацияны жылжытатын кез келген шаралар үшін  алаң беруге дайын, ал ALMU-дың «медиция Орталығы» мұндай шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бар күшін салуға дайын.  

Ізгі ниетпен, Жумакаева Бахыт Даулетханқызы