Жаңалықтар

November, 02

Қазақстанның бизнес білім беретін көшбасшылары бірікті

2015 жылдың  29 қазанында Алматы Менеджмент Университетінде  (AlmaU, бұрынғы ХБА) жақында ғана құрылған  Қазақстанда менеджментті дамыту Ассоциациясының  екінші мәжілісі  өтті,  мұнда ұйымның  басты мақсаттары және  құқықтық  мәртебесі анықталды.      

Ұйымның заңды реттелу түрі  ретінде  «қор» таңдалып алынды және ұйымды Қазақстандық менеджментті дамыту қоры деп атауға шешті (Kazakhstan Foundation for Management Development, KFMD).

 

Қордың  бас директоры болып  AlmaU –дың  Мемлекеттік  және қоғамдық  саясат мектебінің білімді дамыту Институты жобаларының жетекшісі , философия  ғылымдарының кандидаты Жылдыз Амребаева  тағайындалды.

Қор Кеңесі,  алдында оның құрамына  16 адам кірген болатын,  енді жаңа  мүшелермен толықты, атап айтқанда,  Энес Куртай Чыг, Сүлеймен Демирел Университетінің өкілі; Искандер Бейсембетов, ҚБТУ ректоры, Ербол Исмаилов, Маңғыстау облысы  әкімінің  кеңесшісі (Кеңестің толық тізімі қосымша берілген).

 

Асылбек Қожахметов  ҚМДҚ –ның  құрылуының маңыздылығы жайында айта келіп,  мына жайларға тоқталып өтті: «Қазақстанда менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. бойынша қазақстандық авторлардың  дайындаған оқулықтары жеткілікті емес.  Іс жүзінде  магистратура, МВА,  доктарантура үшін   қазақ тілінде дайындалған оқулықтар, оқу бағдарламалары жоқтың қасы. Сонымен қатар  ағылшын тілінен орыс және қазақ тіліне аударылған заманауи бизнес туралы әдебиет  жеткіліксіз».

Алматы Менеджмент Университеті де  осы мәселені шешуге  өз үлесін қосып келеді , университетте   «Менеджмент. Теория и практика Казахстана» оқулығы шықты, оның ерекшелігі сол,  бұл әр бөлігі  отандық авторлармен, бизнес-бапкерлермен жазылған оқулықта қазақстандық бизнес-кейстер беріледі .  

Мемлекеттік қызмет саласындағы  БҰҰ  Өңірлік хабты  басқару комитетінің  председателі Әлихан Байменов  ҚМДҚ –ның құрылуы өзекті  екенін  мойындай келіп,  «Оның мүшесі қатарында   ҚР БҒМ зерттеулер мен  білім беруді дамыту Комитеті де болуы керек.  Менеджментті дамыту бойынша идеялардың көбі  жеке бизнес ортасында, корпоративті секторда, ірі компанияларда  туындайды. Бірақ шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік басқару ортасында да басқарудың тиімділігіне қатысты жақсы идеяларды кездестіруге болады» деді. 

 

_______________________________________________________________________________________

 

Ассоциацияны құру туралы  шешім  қыркүйекте Алматыда өткен CEEMAN-ның    23-ші бизнес білім беру конференциясында   қабылданған болатын.  AlmaU  Президенті Асылбек Қожахметовтің   Ассоциацияны құру жөніндегі бастамасын             Білім және ғылым министрлігі,  ҚР инвестиция және даму министрлігі қолдады, сонымен қатар конференцияға қатысушылар, олардың ішінде қазақстандық университеттердің және бизнес мектептерінің басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік ұйымдар мен Қазақстан Республикасындағы елшіліктердің өкілдері де қолдаған.

 

 

Бөліс: 

 
Бөліс: