Жаңалықтар

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

Ынтымақтастық көкжиегін кеңейту!
2021 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Almaty Management University өкілдерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Алматы қаласы бойынша АМАӘ сотының төрағасы Төлегенов Т.А. сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесу, ҚР АППК ережелерін түсіндіру мақсатында оқу орындарымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Меморандум құқықтық білім беру жүйесін дамытуға, әкімшілік әділеттілікті насихаттауға бағытталған екіжақты әріптестіктің маңызды аспектілерін бекітті. Тараптардың бірлескен қызметінің басым бағыты -  ғылыми-зерттеу жұмыстарына жәрдемдесу, әкімшілік іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды жүргізу, білім беру және басқа да жобаларды іске асыру, оның ішінде болашақта студенттерге өндірістік тәжірибе алаңын ұсыну. 

Алматы қаласы бойынша АМАӘ сотының, БАҚ-пен байланыс үйлестірушісі Ұ.Қ. Қажыкен.

​  

 

«Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, алдын алу мәселелері»

22.10.2021ж. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары мен оқытушылары Н.Б.Мынбаева, А.М.Сералиева «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, алдын-алу мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық онлайн дөңгелек үстелге қатысты. Алматы қаласының М.Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігінің академиясының заң ғылымдарының кандидаты, доц. Сералиева А.М. «Кәмелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауы үшін қылмыстық жауапкершіліктің мәселелері» тақырыбымен сөйледі. Баяндамалар талқыланғаннан кейін пікірталас өтті,  онда қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбы бойынша талқыласып, сұрақтар қойды. Іс-шара жоғары деңгейінде өтті.