Қызметі


 


Мемлекеттік пен қоғамдық саясат және заң мектебі  - бұл Алматы Менеджмент Университетінің мемлекеттік және қоғамдық саясат саласындағы білімді, технологиялар мен инновацияларды ілгерілетуші құрылымдық бөлімшесі.

 

Міндеті:

Стратегиялық мемлекеттік ойлауға қабілетті жоғары кәсіби мемлекеттік қызметкерлер тобын дайындау арқылы Қазақстанның мемлекеттік қызметін күшейту. Білім беру секторы мен азаматтық қоғам үшін нәтижелі басшылар дайындау. Бизнес, үкімет пен азаматтық қоғам және академиялық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

 

Көрінім:

2020 ж. Мемлекеттік пен қоғамдық саясат және мектебі  аймақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді, білім беру саласының басшыларын, азаматтық сектор басшыларын дайындауда Қазақстан мен Орта Азияда көшбасшысы.

 

Мектеп қызметінің негізгі бағыттары:

 

  • Білім беру бағдарламалары;
  • Беделді аналитикалық зерттеулер мен консалтинг;
  • Диалогтық  алаң;

 

Оқыту және дайындау:

 

  • Аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшыларын оқыту.
  • Білім беру ұйымдарының жоғары және орта буын басшыларын, сонымен қатар мамандар қорын оқыту.
  • Үкіметтік емес ұйымдардың  менеджерлерін оқыту.

 

Аналитикалық зерттеулерді жүзеге асыру

Аналитикалық  орталық  - саясат, экономика салалары, бизнес-құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік үкімет органдарымен байланыс және ынтымақтастық мәселелері бойынша көмек (кеңес) берумен айналысатын кеңес беру орталығы. 

  

Диалогтық алаң

Саясаттың, экономиканың, білім берудің, ғылым мен мәдениеттің маңызды сұрақтары, азаматтық қоғамды  дамыту мәселелері бойынша қоғамдық диалогты жақсарту үшін құрылады. 

 

Біздің мектебіміз не береді?

  • Саясаткерлер мен атқарушы өкімет өкілдеріне  - кәсіби өсу, сонымен қатар саясат майданында өз орнын табу мүмкіндіктері;
  • Білім беру саласының басшыларына–басқарушылық құзіреттілігін дамыту, жаңа байланыстар, қоғамдық алаңдарда  жұмыс жасау дағдыларын игеру; 
  • Белсенді азаматтарға–үкімет пен басқа құрылымдарға азаматтық мәселелерді жеткізу үшін алаң,  «үкіметпен және бизнеспен нәтижелі жұмыс» жасау дағдыларын үйрену;  
  • БАҚ өкілдеріне - "бірінші қолдан" ақпарат алу мүмкіндігі, бүгінгі таңдағы   саяси тілді меңгеру;
  • Мамандарға және ғалымдарға – Қазақстан мен шетелдің ғылыми және гуманитарлық элитасының өкілдерімен мәселелерді талқылау мүмкіндігі;
  • Жастарға – көшбасшылық қасиеттерді дамыту, жаңа білім мен дағдыларды меңгеру, өсу мүмкіндіктері.

 

Мектептің шетелдік серіктестері:

  • Орта Еуропа университеті, CEU  (Будапешт, Венгрия) 
  • Экономиканың жоғары мектебі (Ресей) 
  • International Center for Advanced and Comparative Research, ICEUR (Austria)

 

Мектептің оқытушылар құрамы

Мектепте сабақ беруге Алматы Менеджмент Университетінің үздік оқытушылары тартылған , сонымен қатар сарапшылар шақыртылған: республиканың мемлекеттік басқару органдарының басшылары, мемлекеттік саясат және азаматтық қоғамды дамыту салаларының сарапшылары,  бизнесмендер, басқару, құқық, экономика, саясат, халықаралық қатынастар салаларының мамандары, сонымен қатар саясаткер-практиктер, беделді қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайраткерлері.

 

Мектептің құрылымы:

  • Білім беруді дамыту институты
  • Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту институты – ҮЕҰ Сараптау орталығы
  • Аймақтық даму институты 

Академиялық бағдарламалар:

  • MBA: мамандандыруы «Мемлекеттік сектордағы менеджмент»
  • MBA: мамандандыруы «Білім берудегі менеджмент»
  • MBA: мамандандыруы "ҮЕҰ менеджмент"