5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

 

 

Академиялық дәреже: 5В051000 «Мемелекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

Кәсіби қызмет саласы: мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, экономика мемлекеттік саласы, мекемені тиімді басқарумен қамсыздандыру, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін ұйымдастыруға және қызметіне ат салысу, басқаруды әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларына сай жетілдіру.

 

Кәсіби қызмет нысаны: 

  • мемлекеттік басқару органдары,
  • мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі мекемелер мен бөлімшелер,
  • қоғамның экономикалықб саяси, ұйымдастыру және әлеуметтік өмірінің рәсімдері,
  • мемлекетті, оның аудандық және муниципалды білімін дамыту және қызметін жжоспарлау мәселелері,
  • адам және қоғам арасындағы байланыс мәселелері.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • экономикалық;
  • координациялық;
  • қосымша беру;
  • аналитикалық;
  • жобалау.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • ұйымдастыру-технологиялық (мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, нақты мекемелерде басқару технологияларын құру және қолдану, сонымен қатар басқарудың ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-басқару негізін құруға ат салысу, стратегиялық және тактикалықжоспарлау, менеджменттің тиімді әдістерін, ережелерін жәнерәсімдерін құру және қолдану);
  • өндірістік-басқару (халық шаруашылығын,оның салаларын және аудандарын тиімді басқару жүйесін құрастыру; тәжірибе жүзінде басқарудың барлық белгілі ұстанымдарын ұстану және оның ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-басқару негізін қолдану; мемлекеттің экономикалық стратегиясын, экономика салаларын және аудандарын құру, стратегиялық жоспары, басқару субъектілерінің ағымдағы қызметтерін жоспарлау және олардың орындалуына анализ жасау, т.б.);
  • жобалау (жобалауды ұйымдастыру, жобаларды техникалық-экономикалық жағынан қисынын келтіру);
  • жоғары оқу орындарының зерттеу бағдарламалары және ғылыми-зерттеу институттарының зерттеу топтарына сай құрамы, өндірістік кәсіпорындар, корпорациялар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары (экономика, мекеме, басқару облысында ғылыми ынтымақтастықтың халықаралық бағдарламаларына ерекше мән беріледі);
  • оқу немесе педагогикалық (орта және орта кәсіби білім мекемелерінде кәсіби қызмет).

Қызмет салалары:

Оқу ұзақтығы: 4 жыл
күндізгі – 4 жыл

Оқыту тілі: орыс, ағылшын