Service Learning және Рухани Жаңғыру

"Service Learning" пәні   Қазақстанда алғаш рет  Alma University бакалавриатының  барлық мамандықтарының оқу бағдарламасына  2015 жылы енгізілді. Осы бірегей пән аясында  1 курс студенттері волонтер ретінде қоғамға қызмет етуге үйренеді, түрлі әлеуметтік ұйымдарда  қоғамға пайда келтіру мақсатында алған білімдерін практика жүзінде қолданады.

Алғашқы 2 оқу жылы ішінде  «Service Learning» бағдарламасы  бойынша  1  курстың 833 студенті оқудан өтті. Олар түрлі бағыттағы 45-тен аса әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды:

- егде жастағы жалғыз басты адамдарға, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектерге  тікелей көмек көрсету;

- қоршаған орта игілігіне арналған жұмыс;

- балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларын, босқын балаларды оқыту және олармен араласу ;

- қоғамның әлеуметтік  маңызы бар мәселелерін бақылау;

- қайырымдылық науқандарын өткізу
 

Университетке бағдарламаны жүзеге асыруға Алматы қаласы Әкімдігі, мемлекеттік мекемелер  ( №2 интернат,   №1 және  №2 балалар үйі ), Қоғамдық ұйымдар («Кеңес»,  «Жігер» мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жастар ұйымы», «Мүгедек балалар ата-аналары қауымдастығы», «Әлеуметтік жобалар халықаралық қауымдастығы», «Аман саулык», «Мейірімді қолдар»);   «Бауыржан», «Дара», «Ана үйі»  және басқа да қайырымдылық қорлары көмек көрсетеді. Барлығы  22 серіктес ұйымдар.